№29 мектептің кадр мәселесі оң шешімін тапты
Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептердегі кадр тапшылығы қалай шешіліп жатыр? Биыл өңірге жүздеген жас маман келді. Олардың біразы Петропавлдағы №29 жалпы білім беретін мектепке орналасты. Жас мұғалімдердің еңбек жолы қалай басталуда? Тілшіміз Дастан Әбілмәжінов тарқатады.
2026-2027 оқу жылында бұл мектепте оқушылар саны 800-ге жуықтады. Былтыр мектепке 6 жас маман келсе, биыл университет пен магистратураны бітірген 9 жас педагог осы білім ордасында еңбек жолын бастады. Мектеп ұжымының 70 пайызға жуығын тәжіибелі ұстаздар құрайды. Олар жастарға бағыт-бағдар беріп, семинарлар мен педагогикалық кездесулер ұйымдастырады. Солардың бірі Нариман Жүкенов биыл осы мектепке орналасып, бастауыш және орта буын сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді.
СНХ: НАРИМАН ЖҮКЕНОВ– ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ МҰҒАЛІМІ
Оқушылардың көбейуіне байланысты ұжым да ұлғайып, мұғалімдер саны 89-ға жетті. Жасанды интеллект пен заманауи технологиялар дамыған заманда жас мамандардың мектепке келуі – білім сапасын арттыруға жаңа серпін береді. Мектеп басшылығы жастардың талпынысына үлкен үміт артып отыр.
СНХ: АҚМАРАЛ ИПОВА – ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Солтүстік Қазақстан облысының білім беру жүйесінде кадрмен қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінеді. Бүгінде СҚО-ның білім беру ұйымдарында 16 мыңға жуық педагог еңбек етеді. 2026 жылы өңірдегі білім беру ұйымдарына 450 жас маман жұмысқа қабылданса, оның 321-і мектептерде жұмыс істейді.