Назар аударыңыз, балалар!
Петропавлда полицейлер хабар-ошарсыз кеткен 13 жастағы жасөспірімді іздеп тапты. Оның жоғалғаны туралы ақпарат сенбіге қараған түні, тәртіп сақшылары «Назар аударыңыз: балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс жүргізіп жатқан кезде түскен.
Іздеу жұмыстарына полицияның барлық қызметтері жұмылдырылды. Полицейлер жасөспірімнің таныстарының барлығын тексеріп, қараусыз қалған ғимараттарды, гараждар орналасқан аумақтарды және адам аз жүретін жерлерді қарап шықты. Іздеу нәтижесінде бала туыстарының үйінен табылды. Ол бұған дейін де бірнеше рет полицияның назарына іліккен. Қазір сот шешімі бойынша жасөспірімді арнаулы білім беру ұйымына жіберуге дайындық жүргізілуде. Демалыс күндері ювеналдық полиция қызметкерлері рейдтік іс-шараларды жалғастырды.
СНХР: ЖАНАТ МҰСТАФИНА – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЮВЕНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Тексеріс барысында профилактикалық есепте тұрған отбасылар да назардан тыс қалмады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, балалары уақытша алынған ата-аналар оларды қайтара алады. Ол үшін баланың алынуына себеп болған жағдайларды толықтай жою қажет. Әдетте бұл алкогольден бас тартуды және бала тәрбиесіне қолайлы жағдай жасауды көздейді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары жастар жиі жиналатын орындарды, соның ішінде көңіл көтеру орталықтары мен компьютерлік клубтарды ерекше бақылауға алды.
Жыл басынан бері облыс орталығында заң талаптарын қасақана бұзған 9 жасөспірім осындай арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілді. 20 ата-ана ата-ана құқықтарынан айырылды, 13-інің ата-ана құқықтары шектелді. Бұған әдетте ересектердің қоғамға жат мінез-құлқы, алкогольді асыра пайдалануы және кәмелетке толмаған балаларға тиісті бақылаудың болмауы себеп болады. Бес жағдайда отбасылар түзелу жолына түсіп, ата-ана құқықтарын қалпына келтірді.