Мемлекеттік қолдау - шаруаларға демеу
Жамбыл ауданында ауыл шаруашылығы саласына басымдық беріліп, егін және мал шаруашылығы қатар дамып келеді. Биылғы егін жинау науқаны мәресіне жақындады. Ал мал қыстан қысылмай шығуы үшін шаруалар қажетті жем-шөп қорын алдын ала қамдап қойған.
Пресноредут ауылдық округінің құрамына 6 ауыл кіреді. Мұндағы жергілікті тұрғындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Қазір алқаптарда механизаторлар соңғы дәнді жинап жатыр. Егін жинау науқаны да мәресіне жақындады.
РУСЛАН АСХАБОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Шаруа қожалығының егіс алқабы 2 мың гектардан асады. Биылғы өнімділік гектарына 20-25 центнерді құрап отыр. Жұмысты заманауи ауыл шаруашылығы техникалары жеңілдетуде.
МИХАИЛ КУДРЕНКО, МЕХАНИЗАТОР
Өнімді өсіріп, жинау — істің жартысы ғана. Ендігі маңызды міндет — оны сақтап қалу. Ауылда жаңа механикалық қырманның құрылысы жүргізіліп жатыр. Мұнда жиналған астық кептіріліп, уақытша сақталады.
РУСЛАН АСХАБОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ауданда мал шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. «Горецкий» шаруа қожалығы 5 жыл бұрын бір бұзаудан басталған. Бүгінде қожалықта 40 бас ірі қара, 40 жылқы және 150-ден астам қой бар. Фермерлер ауыл тұрғындарына да қолдау көрсетіп келеді. Атап айтқанда, жолдарды қардан тазартып, елді мекенді абаттандыру жұмыстарына атсалысады.
СЕРГЕЙ ГОРЕЦКИЙ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ауыл шаруашылығы — жай ғана экономиканың бір саласы емес, ол бүкіл елдің азық-түлік қауіпсіздігі негізі.