Петропавлда жылу беру маусымы басталады
Солтүстік Қазақстан облысында жылу беру маусымы 25 қыркүйекте басталды. Ал Петропавл қаласының тұрғын үйлеріне жылу 28 қыркүйектен бастап беріле бастайды. Жылу жүйесіне қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, шамамен 10 күнге созылады.
Алдымен жылу әлеуметтік нысандарға беріледі. Одан кейін тұрғын үйлер жылу жүйесіне қосылады. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1 198 көпқабатты тұрғын үй бар. Қазіргі таңда жылу беру маусымына қажетті дайындық жұмыстары толық аяқталған. Тұрғын үйлердің барлығы техникалық тұрғыдан 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына әзір.