Негізгі Жаңалықтар Еңбегімен елге сыйлы әулет

Еңбегімен елге сыйлы әулет

«Еңбек түбі — береке». Ал берекелі отбасының негізі — өзара сыйластық пен ортақ іске деген жауапкершілік. Солтүстік Қазақстан облысының Бексейіт ауылындағы Қаражұмановтар әулеті — маңдай терімен елге сыйлы болған отбасылардың бірі. Бірнеше буыннан құралған әулеттің жалпы еңбек өтілі 600 жылға жуықтайды. Көпке үлгі болған отбасы биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде бірінші орынға ие болған.

Қаражұмановтар әулетінде үлкендерден көрген өнеге кейінгі буынға да жалғасқан. Отбасының тірегі Мұрат Қаражұманов та бар ғұмырын ауыл шаруашылығына арнап, кәсібінің қыр-сырын балаларына үйретіп келеді. Отбасында әркім өз ісіне жауапкершілікпен қарап, туған жердің тіршілігіне атсалысуды басты орынға қойған. Мұрат Қаражұмановтың өзі де қазір күзгі науқанға атсалысып, мал азығын дайындау жұмыстарына кіріскен.

СНХР: Мұрат ҚАРАЖҰМАНОВ, Қазақстанның Еңбек Ері


Бөлісу