Жас келсе-іске
Мемлекеттік қызмет – ел дамуына үлес қосып, кәсіби біліміңді тәжірибеде шыңдауға мүмкіндік беретін маңызды бағыт. Бүгінде бұл салада өз мамандығы бойынша еңбек етіп жүрген жастардың қатары да артып келеді. Жас мамандар үшін мемлекеттік қызмет – кәсіби ортаға бейімделіп, тәжірибе жинақтаудың бір мүмкіндігі.
Диана Таева – орман шаруашылығы және орман ресурстары мамандығының түлегі. Қыркүйек айында басқармаға жұмысқа орналасқан жас маман қазір аңшылық және балық шаруашылығы бағыты бойынша бас маман қызметін атқарады. Оның негізгі міндеті – жануарлар дүниесі мен су биоресурстарын сақтауға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруға атсалысу.
СНХР: ДИАНА ТАЕВА, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Анастасия Агайдың да табиғат саласына деген қызығушылығы оны осы бағыттағы мамандықты таңдауға жетелеген. 2022 жылы университетті тәмамдаған жас маман еңбек жолын осы басқармадағы жастар практикасынан бастаған. Кейін Қызылжар орман шаруашылығында тәжірибе жинап, мемлекеттік қызметке қайта оралған. Қазір ол басқармада орман шаруашылығы бағыты бойынша бас маман қызметін атқарады.
СНХР: АНАСТАСИЯ АГАЙ, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Бүгінде басқармада осы бағытта 19 жас маман еңбек етеді. Олардың әрқайсысы өз саласында тәжірибе жинап, табиғи ресурстарды қорғауға үлес қосып келеді.