Негізгі Жаңалықтар Германиядан асыл тұқымды ірі қараның кезекті партиясы жеткізілді

Германиядан асыл тұқымды ірі қараның кезекті партиясы жеткізілді

Германиядан асыл тұқымды ірі қараның кезекті партиясы жеткізілді

Ғабит Мүсірепов ауданындағы «Буденное СК» серіктестігінің сүт тауарлы фермасына Германиядан асыл тұқымды ірі қараның кезекті партиясы жеткізілді. Бұл жолы сүтті бағыттағы «Голштин» тұқымының 165 бас құнажы әкелінді. Өткен жылдың соңында іске қосылған сүт фермасы 1200 басқа есептелген. Қазіргі таңда мұнда 660 бас голштин сиыры сауылуда. Айта кетейік, 2025 жылдың соңында Германиядан жеткізілген асыл тұқымды құнажындар бүгінде толықтай бұзаулап, өнім беруге кіріскен. Ферма мамандарының айтуынша, олардың әрқайсысынан тәулігіне орта есеппен 35-36 литр сүт сауылады.

Жаңа партияның да алдағы уақытта шаруашылықтың сүт өндірісін арттыруға үлес қосып, мал басын көбейтуге мүмкіндік беретіні күтілуде.

Бөлісу