Негізгі Жаңалықтар Өңіріміздегі сүт өндірісі қарқыны еселене түспек

Өңіріміздегі сүт өндірісі қарқыны еселене түспек

 Ғабит Мүсірепов ауданындағы «Буденное СК» серіктестігінің сүт тауарлы фермасына «Голштин» тұқымды ірі қараның кезекті партиясы жеткізілді. Бұл жолы әкелінген 165 бас, сүтті бағыттағы құнажындарды қосқанда қазір шаруашылықтағы ірі қара саны 825 құрап отыр. Бірер күнде соңғы, яғни алтыншы партиямен тағы 165 қашар жетпек бұл жерге. Серіктестік сүтті бағыттағы құнажындарды мемлекеттік бағдарламаның көмегі арқылы Германиядан сатып алған. 

Ғабит Мүірепов ауданындағы «Буденное СК» серіктестігінің заманауи сүт тауарлы фермасының құрылысы өткен жылдың күзінде толығымен аяқталған болатын. Содан бері кешен, шет елден сатылып алынған сүтті бағыттағы ірі қараның келуін тосты. Осылайша 1200 басқа шақталған фермаға Германияда іріктелініп алынған Голшитин құнажындары жыл басынан лек-легімен жіткізіле бастады. 

СНХ: ОЛЕГ КОЛОДЬКО – СҮТ КЕШЕНІНІҢ ЗООТЕХНИГІ 

Фермаға осыған дейін жеткізілген ірі қаралардың жалпы саны 660 басты құрайды. Наурыз айынан бері олардан алғашқы төл алынып, сауын фермасы өз жұмысын бастап кеткен. 

СНХ: ОЛЕГ КОЛОДЬКО – СҮТ КЕШЕНІНІҢ ЗООТЕХНИГІ

Бұл құнажындар да алдыңғы партиялар секілді Германиядан Қарағандыға арнайы самолетпен, ол жақтан фермаға арнайы көлікпен жеткізілді. Ірі-қаралардың жағдайы жақсы, жолды жақсы көтерген 

СНХ: ЖҰМАТ АҒУБАЕВ – Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНЫҢ БАС ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ИНСПЕКТОРЫ 

Фермадағы сауын күніне үш мезгіл жүргізіледі екен. Алғаш бұзаулаған құнажындардың әрқайсысы қазір күніне 35-36 литрдан сүт береді. Майлылығы 4 пайыз. Өнім облыс орталығындағы «Еуразия Милк» кәсіпорнына өткізіледі. Аталмыш сүт тауарлы фермасын қоса алғанда қазіргі таңда Ғабит Мүсірепов ауданында заманауи алты сүт тауарлы фермасы жұмыс істеп тұр. 

Бөлісу