Рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды
Биыл Солтүстік Қазақстан ғарыштық мониторингтің көмегімен 54 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. Оның ішінде 53-І яғни, 98 пайызы жойылды.
Биыл департамент 2 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартып, шамамен 100 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Ал 2025 жылы мұндай 9 дерек тіркеліп, нәтижесінде 6 лауазымды тұлға жалпы сомасы 206 мың теңгеге айыппұл арқалаған болатын. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 826-бабына сәйкес, тиісті тұлғаларға әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген себептер мен жағдайларды жою туралы жеке ұсыныстар енгізілді.
ИГОРЬ ГАХ, СҚО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ