Негізгі Жаңалықтар Қарттарға көмек көрсетілді

Қарттарға көмек көрсетілді

Есіл ауданының Явленка ауылында Қарттар күні қарсаңында аға буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетілуде. Мәселен, 92 жастағы Александра Ашмаринаның үйінің қоршауы жаңартылып, кәріз жүйесі тегін жүргізілді.

Александра Матвеевна Ашмарина Явленка ауылында 1953 жылдан бері тұрады. Осы жерде еңбек етіп, бала тәрбиелеп, ауылдың талай кезеңін көрді. Арада жетпіс жылдан астам уақыт өтсе де, қария туған жерінің әр өзгерісін жақсы біледі. Бүгінде бір кездері шағын ғана елді мекен болған Явленканың көркейіп, ажарланғанын ерекше ықыласпен айтады.

АЛЕКСАНДРА АШМАРИНА – ЯВЛЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Ауданда қарияларға көрсетілетін қолдау бір күндік науқанмен шектелмейді. Әсіресе жалғыз тұратын, жасы ұлғайған тұрғындардың тұрмыстық мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Қажет болса, үй шаруасынан бастап, аула-жайын абаттандыруға дейін қол ұшын созады.

НҰРЛАН БЕЙМАҚАНОВ – ЕСІЛ АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Біреуге үй ішінің шаруасын реттеуге көмек керек, енді біріне ауласын абаттандыру маңызды. Яғни қамқорлықтың ауқымы әртүрлі болғанымен, мақсаты бір. Ол — үлкенге құрмет көрсетіп, қажет кезінде жанынан табылатын жанашыр жандардың бар екенін сезіндіру. Себебі кейде адамға материалдық көмектен бұрын, көңіл бөлініп, қолдау көрсетілгені маңызды.

Бөлісу