Негізгі Жаңалықтар Жүрегі-жыр, қолтаңбасы-сурет

Жүрегі-жыр, қолтаңбасы-сурет

89 жасқа келсе де қолынан қылқаламы түспей, жүрегінен жыры үзілмеген Маргарита Фидченконың шығармашылыққа деген құштарлығы көпке үлгі. Бір кездері театр сахнасын безендірген суретші бүгінде туған өлкенің табиғатын қағазға түсіріп, Есілге арнаған жүрекжарды жырларын толғап келеді.  

Кейіпкеріміздің суға деген ықыласы да ерекше. Шомылуды жақсы көретін ол бұл әуестігін әлі күнге дейін серік етіп келеді.

СНХ: МАРГАРИТА ФИДЧЕНКО – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Маргарита Борисовна бала кезінен өнерге үйір болып, Петропавлдағы көркемсурет студиясында білім алған. Кейін отыз жылдан астам ғұмырын еңбекке арнап, Погодин атындағы театрда суретші-декоратор қызметін атқарды. Сахна сыртындағы маңдай тері мен шығармашылық ізденісі оның талғамын шыңдап, бояу мен бейненің тілін терең түсінуге жол ашты.

СНХ: МАРГАРИТА ФИДЧЕНКО – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 

Бүгінде қылқалам шебері бір жанрмен шектелмейді. Әр туындысын жазбас бұрын кескіндеме тарихын оқып қана қоймай, ұлы сазгерлердің шығармаларын тыңдап, өнер туралы кітаптарды парақтап зерттейді. Маргарита Борисовна шығармашылық қабілет әркімнің бойында бар деп есептейді. Тек сол бұлақтың көзін ашып, бойдағы өнерді оята білуі керек.

Бөлісу