Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
Кейде ең жақын адамның мінез-құлқынан қауіп төніп жатады. Бірі ашуын отбасынан алады, енді бірі ішімдікке салынып, айналасындағылардың берекесін қашырады. Мұндай жағдайда кім кінәлі? Жақындарының көмегі қай кезде қолдауға, ал қай кезде мәселені ушықтыратын факторға айналады?
Мамандардың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жәбірленушінің әрекетін себеп етуге болмайды. Ішкі күйзеліс, өткен өмірдегі ауыр оқиғалар немесе шешілмеген психологиялық жарақаттар адамның мінез-құлқына әсер етеді. Жиналған ашу-ыза жақындарына бағытталып, күш көрсетуге ұласуы ықтимал. Агрессиялық мінез-құлықтың себептерін өздігінен жою қиын. Сондықтан психолог, психотерапевт, психиатр, кей жағдайда невролог сияқты мамандардың көмегіне жүгіну қажет. Ең алдымен, мәселенің тамырын анықтап, содан кейін тиісті қолдау көрсетілуі керек.
СНХР: МАРИЯ ГЕЙН – ПСИХОЛОГ