Негізгі Жаңалықтар Оқушылар сарайында үйірмелер өз жұмысын бастады

Оқушылар сарайында үйірмелер өз жұмысын бастады

Жаңа оқу жылымен бірге Оқушылар сарайында да үйірмелер өз жұмысын бастады. Биыл мұнда балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін 85 үйірме жұмыс істейді. Ең бастысы – олардың барлығы тегін. Қазірдің өзінде 2500-ден астам бала үйірмелерге жазылған. Қызығушылық танытушылардың қатары әлі де артып келеді.

Оқушылар сарайындағы үйірмелер 11 бағытты қамтиды. Бір бала екі үйірмеге қатар қатыса алады. Өткен жылы мұнда 3200 оқушы білім алса, биылғы оқу жылына қабылдау әлі жалғасып жатыр. Балаларға 80 педагог жетекшілік етеді.

СНХР: АҚЖОЛ ТҰСЫПОВ, КӨРКЕМ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ БАҒЫТЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Әсіресе көркем-эстетикалық бағыттағы үйірмелерге сұраныс жоғары. Балалар домбыра, би өнерімен айналысуға белсенді жазылуда. Ағылшын тілі үйірмесіне де қызығушылық мол. Ал биыл оқушылар үшін тағы бір жаңа мүмкіндік пайда болады – жетіген үйірмесі ашылады. Қазірдің өзінде үйірмелерге 2500-ден астам бала тіркелген. Ал жаңа оқу жылында олардың саны одан әрі арта түспек.

СНХР: ӘЙГЕРІМ ШӘКЕНОВА, БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Балалар көп қызығатын үйірмелердің бірі - биология. Мұнда оқушылар теориялық біліммен қатар, тәжірибелік жұмыстар арқылы зерттеу дағдыларын қалыптастырады. Соның нәтижесінде сарай тәрбиеленушілері түрлі облыстық және республикалық байқауларда өз білімдерін сынап, жүлделі орындарға ие болып жүр.

СНХР: ЭМИР АДЕЛЕВ, №1 ГИМНАЗИЯНЫҢ 8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Оқушылар сарайындағы барлық үйірме тегін. Қатысу үшін ата-аналар қажетті құжаттарды сарайдың бірінші қабатындағы іс жүргізушіге тапсыра алады. Құжат қабылдау уақыты – таңғы 9:00-ден кешкі 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс – 13:00-ден 14:00-ге дейін. Балаңыздың қызығушылығы қай бағытта болса да, мұнда оны дамытуға мүмкіндік бар.

Бөлісу