Негізгі Жаңалықтар Ағайынды кәсіпкерлердің - ауыл халқына құрметі

Ағайынды кәсіпкерлердің - ауыл халқына құрметі

Ақжар ауданындағы Жаңаауыл ауылында тоқырау жылдарынан бастап қаңырап бос тұрған қос нысан заман талабына сай жаңа кейіпке еніп халық игілігіне тапсырылды. Ауыл ортасында қалқайған қабырғасы ғана қалған екі ғимаратты, ағайынды Мұратбек пен Рүстем Мұхамедиевтер өз қаржыларына жөндеген. Құрылысы төрт жыл бойына жүргізілген бұл нысандарға жұмсалған қаржы 200 миллион теңге. Мәрт жігіттер,-бұл біздің кіндік қанымыз тамған ауылымыз бен ел халқына деген құрметіміз,-дейді.

Кезінде бұл нысандардың бірінде асхана орналасса енді бірінде кеңшар канторы болған. Алайда тоқырау тығырыққа тіреп, ауылдардың тоз-тоздары шыққан шақта, қос нысан да ешкімге керексіз, жетімнің күйін кешті. Күтім көрмегендіктен шатыры қирап, қабырғасы қақырады. Уақыт өте заман түзеліп, ел еңсесі тіктелген шақта иесіз нысандар ауыл көркіне көлеңке түсіріп көзге оғаш көрінді. Сондықтан жергілікті кәсіпкер, ағайынды Мұратбек пен Рүстем Мұхамедиевтер қос ғимаратқа екінші өмір сыйлауды ұйғарып, осыдан төрт жыл бұрын құрылыс жұмыстарын қолға алған. Биылғы оқу жылы қарсаңында ол толығымен аяқталып, жаңа нысан қолданысқа енгізілді. Ендігі жерде оның бірінде ауыл әкімдігі, кітапхана мәдени ойын-сауық орталығы мен шағын қонақ үй орналасса, екінші ғимаратта күрес пен жаттығу залы, хоккей ойынына машықтануға арналған шағын корт жұмыс істейтін болады. Жаңа нысанның ашылуына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға жиылғандарды аудан әкімі Нұрлан Телтаев құттықтап, Мұхамедиевтерге облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыстады. 

СНХ. РҮСТЕМ МҰХАМЕДИЕВ – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Бұрынғы контор ғимараты енді ауыл халқының бас қосып көптеген мәдени іс-шаралар өткізетін орталығына айналады. Мұнда түрлі үйірмелер ұйымдастырып, бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік жасалған. Ал бұрынғы асхана ғимаратында спортпен шұғылдануға қажетті құрал-жабдықтар орнатылыпты. Ол ауыл балалары мен жастардың салауатты өмір-салтын ұстануларына мүмкіндік береді. 

СНХ: РҮСТЕМ МҰХАМЕДИЕВ – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР 

Туған жердің түйткілін түзеуге атсалысып, қараусыз қалған нысандарды қайта түлету – елге жасалған ең үлкен жанашырлықтың бірі. Жаңаауылдағы бұл бастама ауылды абаттандырумен қатар, ел халқына қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған қадам.

СНХ: МАҒЖАН ІЗДУАЛИЕВ - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 

Қос нысанның ашылуы ауыл халқы үшін үлкен қуаныш - ұлық мейрамға айналды.

Жергілікті көркемөнерпаздар салтанатты іс-шараға жиылған жұртшылыққа әуелеген ән мен күй, мың бұралған биден шашу шашсса, спортты серік еткендер қазақша күрес пен арқан тартыстан кімнің мықты екендіктерін паш етті. Ауылдағы ағайынның бір күнін тойға айналдырған ағайынды Мұхамедиевтердің бұл бастамасы, туған жерге деген перзенттік жауапкершіліктің көрінісі.

Бөлісу