Qyzyljar телеарнасында жаңа жоба
QYZYLJAR телеарнасында жаңа маусымда, жаңа жоба. Облыстың бас телеарнасы мен СҚО Тілдерді оқыту орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар тұрғындарға мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған жаңа бірлескен жобаны қолға алмақ. Жоба аясында көрерменге қазақ тілін үйренуге арналған телесабақтар ұсынылады.
Жаңа телевизиялық маусымда «Қызылжар» телеарнасында мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған жаңа жоба көрермен назарына ұсынылады. Телесабақтар аптасына бір рет эфирге шығып, тұрғындарға қазақ тілін меңгеруге мүмкіндік береді. Жоба мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықты арттыруды көздейді.
РАЗИЯ ЫДЫРЫСБАЕВА, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Биыл облыстық Тілдерді оқыту орталығына 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде тіл үйретудің түрлі тәсілдері қолданылып келеді. Енді орталық бұл бағыттағы жұмысты телеарна арқылы да кеңейтпек.
ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, СҚО ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Солтүстік Қазақстан облысы Ресейдің Түмен, Қорған және Омбы облыстарымен шекараласады. Облыстық Тілдерді оқыту орталығы бұл өңірлердегі қазақ тілі мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетіп келеді. Енді орталықта әзірленетін телесабақтардың көшірмесі да аталған облыстарға жолданбақ. Тағы бір айта кетерлігі, жаңа маусымда QYZYLJAR телеарнасы тек осы бір ғана жобамен шектелмейді, тағы басқа да маңызды жобалар көрерменге жол тартады.