Негізгі Жаңалықтар Жылыту маусымына дайындық: қауіпсіздік ережелері

Жылыту маусымына дайындық: қауіпсіздік ережелері

Солтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды. Құтқарушылар жеке тұрғын үйлерді аралап, пештер мен мұржалардың жағдайын тексеріп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруде. Толығырақ келесі сюжетте.

Мұндай алдын алу шаралары әсіресе пешпен жылытылатын үйлер үшін маңызды. Себебі жылыту кезеңінде өрт қаупі артып, қарапайым ғана ереженің сақталмауы үлкен қауіпке әкелуі мүмкін.

СНХР: НҰРКЕН МӘЖІКЕЕВ — А. АБДРАХМАНОВ АТЫНДАҒЫ №5 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Құтқарушылардың айтуынша, мұржаны жылыту маусымы басталғанға дейін тазалап алған жөн. Өйткені түтін жолының бітелуі үйге улы газдың тарауына себеп болуы мүмкін. Көміртек тотығын адам көзбен көре алмайды әрі оның иісі сезілмейді. Сондықтан улы газдың тарағанын тұрғындар дер кезінде байқамауы мүмкін. Ал арнайы орнатылған датчик қауіпті концентрацияны анықтап, дыбыстық белгі арқылы ескертеді. 

СНХР: ЕКАТЕРИНА ОСПАНОВА — ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Жылыту маусымы басталғанда бірнеше қарапайым ережені есте ұстаған жөн. Пешті қараусыз қалдырмау қажет. Оның маңына жанғыш заттарды қоймаған дұрыс. Мұржаның тазалығын бақылап, пеште ақау байқалса, оны пайдалануды тоқтатып, маман көмегіне жүгіну керек. Сондай-ақ үй-жайды желдетіп отыру және улы газ құрылғысының жарамдылығын үнемі тексеру маңызды.

Бөлісу