Білім ордаларында алғашқы қоңырау соғылды
С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда жаңа оқу жылына арналған алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Биыл білім ордасының табалдырығын 78 бүлдіршін алғаш рет аттап, 1-сыныпқа қабылданды. Ал 25 оқушы үшін бұл – мектеп қабырғасындағы соңғы оқу жылы. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысып, оқушылар мен ұстаздарға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
Жаңа оқу жылының алғашқы күні дәстүрлі түрде салтанатты жиыннан басталады. 1 қыркүйек – мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де ерекше күн. Бұл күні білім ордаларында алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар жаңа оқу жылына қадам басады.
ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жаңа оқу жылын Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия ұжымы биыл ерекше жылмен қарсы алып отыр. Білім ордасының құрылғанына 30 жыл толып, айтулы мерейтой қарсаңында мектеп табалдырығын 78 бүлдіршін алғаш рет аттады. Ал 25 оқушы үшін бұл – гимназиядағы соңғы оқу жылы.
БАҚЫТ АЛДАБЕРГЕНЕВА, С.ШАЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Биыл гимназияның 11-сыныбында білім алып жатқан екі оқушы «Алтын белгіге» үміткер. Олар оқу жылын жоғары нәтижемен аяқтап, білімдерін үздік бағамен қорытындылауға ниетті.
САНЖАР СЕЙСЕКОВ, С.ШАЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛАССИКАЛЫҚ ГИМНАЗИЯНЫҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Биыл облыс мектептерінде бірінші сыныпқа 6 мыңнан астам бала қабылданды. Оқу жылының алғашқы күнінде барлық сыныптарда «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты ұйымдастырылды. Тағы бір айта кетерлігі, биылдан бастап мектептерде 5–7 сыныптарда «Конституция негіздері» пәні, ал 8–11 сыныптарда «Заң және тәртіп» міндетті курсы оқытылады. 5–11 сынып оқушылары үшін «Жеке қауіпсіздік» курсы міндетті болады.