Петропавлда Күләш Байсейітова атындағы ҚАЗҰӨУ өкілдігі ашылды
Петропавл қаласында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің өкілдігі өз жұмысын бастады. Биылғы оқу жылының өзінде мұнда 97 студент білім алатын болады. Өңір үшін бұл жоғары оқу орынының жаңа бөлімшесін ашу кәсіби көркем білім беруді дамытудағы және жас талаптарға қосымша мүмкіндіктер жасаудағы маңызды қадам болды.
Оқу үдерісіне 97 студент кірісіп кетті. Болашақ әртістер Петропавлға еліміздің 15 облысынан, сондай-ақ Астана, Шымкент және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келді. Олардың барлығы тегін негізде оқиды. Алғашқы сабақтар Қозыбаев университетінің қабырғасында өтіп жатыр. Сабақ беру үшін жергілікті мамандармен қатар, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары да тартылған. Студенттер үшін бұл жаңа кезеңнің бастамасы. Олар алғашқы оқу күндерінен кейін-ақ өз әсерлерімен бөлісті.
СНХР: АЙСҰЛУ НУРЛИЛЛА, СТУДЕНТ
СНХР: АҚЖАН ХАЙРУЛЛА, СТУДЕНТ
Оқыту тоғыз шығармашылық пән бойынша жүргізілетін болады. Студенттер актерлік шеберлік, музыка, вокал және өнердің басқа да бағыттары бойынша өз дағдыларын дамыта алады.
СНХР: ГҮЛМИРА ҚҰТТЫБАДАМОВА, К. БАЙСЕЙІТОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰӨУ ПРОРЕКТОРЫ
2027 жылы концерт залы бар 600 орынға арналған өкілдіктің жеке оқу корпусының құрылысы жоспарланып отыр. Мұнда кино және телепавильондар, дыбыс жазу студиясы, театрлар, анимациялық студия және мамандандырылған аудиториялар орналасады. Концерт залы заманауи акустикамен және сахналық кешенмен жабдықталады. Осылайша, студенттер тек білім алып қана қоймай, оларды бірден тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алады.