Негізгі Жаңалықтар Бүгін – Қазақы тазы күні

Бүгін – Қазақы тазы күні

Бүгін - 3 қыркүйек елімізде Қазақ тазысы күні алғаш рет аталып өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтап, көбейтуге және оны халықаралық деңгейде насихаттауға айрықша мән береді. Президент тапсырмасымен соңғы жылдары бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылды. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту туралы заң қолданысқа енді. Еліміз Халықаралық кинология федерациясының мүшелігіне қабылданды. 2024 жылы қазақ тазысы халықаралық деңгейде алдын ала мойындалды. Қазақстан осы тұқымның шыққан жері ретінде ресми түрде бекітілді.

Бүгінде құмай тазыларымыз әлемдік ірі көрмелерде жүлделі орындар алып жүр. Асыл тұқымды итті көбейту қарқын алып, тазы асыраушылар қатары артып келеді. Қазақы ит тұқымдары ұлттық орталығының құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Ақорда. Айта кетейік, Құмай тазы - халқымыздың жеті қазынасының бірі. Шапшаңдығы, қырағылығы және аңшылық қабілетімен ерекшеленетін бұл асыл тұқымның қазақ халқы орны ерекше. 

Бөлісу