Негізгі Жаңалықтар Күләш Байсейітова атындағы ҚАЗҰӨУ өкілдері студенттермен кездесті

Күләш Байсейітова атындағы ҚАЗҰӨУ өкілдері студенттермен кездесті

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің өкілдері өңірдегі өнерпаз жастармен арнайы кездесу өткізді. Басқосу барысында студенттер мен университет өкілдері шығармашылық бағыттағы өзекті мәселелерді талқылап, талантты жастардың қабілетін ұштау және кәсіби қолдау көрсету жолдарын сөз етті. 

Жиынға өңір басшысының орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысып, жастарға сәттілік тіледі.

СНХ: ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастар үшін үлкен мүмкіндіктер мен жарқын белестер басталмақ. Жаңадан ашылған филиалға республикамыздың 15 облысынан, сондай-ақ Астана, Петропавл және Шымкент қалаларынан келген 97 талапкер студент атанып,өнер ордасына алғашқы қадамын жасады.

СНХ: ЗАУЗА АЛТЫБАЕВА, КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Жиын барысында өнер жолын таңдаған жастарға қолдау көрсету бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы ауқымды жоспарлар туралы кеңінен баяндалды. Студенттер мен қонақтар өз кезегінде ой бөлісіп, шығармашылық байланысты нығайту жолдарын ортаға салды.

СНХ: СҰЛТАН АБДУЛЛА, СТУДЕНТ 

Университет қабырғасында ауқымды құрылыс жұмыстары басталып, білім ордасының инфрақұрылымы жаңа деңгейге көтерілмек. Алдағы 2027 жылы 600 орындық жаңа жеке оқу корпусы мен 250 орындық заманауи концерт залының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Бөлісу