Негізгі Жаңалықтар Білім күні: полицейлер оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Білім күні: полицейлер оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Петропавлда полицейлер Білім күнінде мектептерде жиындарға қатысып оқушыларға қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, білім ордаларына іргелес аумақтарда кезекшілік етті. Басты мақсат — оқушылар қауіпсіздігі.

Көптеген ата-ана балаларын мектепке көлікпен әкеледі. Бұл мектеп маңындағы жол қозғалысының артуына әкеледі. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бастауыш сынып оқушыларына қауіпсіз бағытты таңдауға көмектесті. Қоғамдық тәртіпті ювеналды полиция қызметкерлері қамтамасыз етті. Мектептердегі жиындарда Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылық құрамындағы офицерлер сөз сөйледі. Олар оқушыларға күнделікті өмірдегі және цифрлық ортадағы қауіпсіздік ережелерін еске салды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге полиция офицерлері ҚР Ішкі істер министрлігі әзірлеген «Заң мен тәртіп» боямақтарын табыстады. Оның көмегімен балаларға қауіпсіз мінез-құлық ережелері мен Заң мен тәртіпті құрметтеудің маңызы қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндіріледі.

Полиция қызметкерлерінің мектеп іс-шараларына қатысуының басты мақсаты — оқушыларға қауіпсіздік әрқайсымыздан, яғни жауапкершіліктен, тәртіптен және айналамыздағы адамдарға құрметпен қараудан басталатынын еске салу.

Абылғазы Ғабдуллин — СҚО ПД бастығының орынбасары 

СҚО ПД бастығы Руслан Назаров Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейіне барды. Ол мектеп жиынында сөз сөйлегеннен кейін бастауыш сынып оқушыларымен және «Жас сақшы» полиция сыныбының тәрбиеленушілерімен кездесті. Балалар бұл сыныпта үшінші жыл қатарынан білім алып келеді. Олар құқықтық сауаттылығын арттырып, дене дайындығын шыңдайды, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен ардагерлерімен кездесулер барысында қызметтің ерекшеліктерімен танысады. Руслан Назаров оларға таңдаған жолында табыс пен табандылық тіледі.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар