Негізгі Жаңалықтар СҚО-да қыркүйек айында ауа райы құбылмалы болады

СҚО-да қыркүйек айында ауа райы құбылмалы болады

СҚО-да қыркүйек айында ауа температурасы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша айдың алғашқы күндері суық болғанымен, көп ұзамай күн қайта жылынады.  

Бірінші онкүндіктің басында түнде ауа температурасы +5 градусқа дейін төмендеп, облыстың батысы мен солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз термометр көрсеткіші +12...+17 градус шамасында болады. Алайда көп ұзамай күн райы қайта оңалады. Ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, түнде +9...+14, күндіз +20...+25 градусқа дейін жылынады. Жекелеген аймақтарда күн жылып, ауа температурасы +28 градусқа дейін жетуі ықтимал. Ал екінші онкүндікте ауа райы қайтадан құбылады. Түнде сынап бағанасы +1...+6 градусқа дейін төмендеп, 2 градус үсік күтіледі. Күндізгі уақытта ауа температурасы +13...+18 градус болады деп болжанады.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ

Бөлісу