Негізгі Жаңалықтар Тамырына қан жүгірген Ащыкөл элеваторы 

Тамырына қан жүгірген Ащыкөл элеваторы 

Ақжар ауданында 10 жылға жуық жұмыс істемей тұрған Ащыкөл элеваторы өткен жылы қайта іске қосылды. 79 жылы салынған кәсіпорынның консервацияда болған уақытта техникалық тоза бастағандығы тағы бар. Алайда 2024 жылдың соңында аталмыш нысанды өз қарамағына алған инвестор өндіріс орнына жаңа тыныс беріп, мұнда заманауи технологиялар енгізілді. Олар элеватордағы тың жобалардың жүзеге асырылуына 15 миллион долларға жуық қаржы бағыттапты. Қазіргі күні толық қуатта жұмыс істеп тұрған аталмыш нысан, тек өздерінің астығын ғана өңдеп қоймай, аудан көлеміндегі ірілі-ұсақты агроқұрылымдардың барлығына көмек қолын созуда. 

Ақжарлық шаруалардың астығын қабылдаған Ащыкөл элеваторы соңғы он жылға жуық уақытта есігіне қара құлып ілініп, жұмысы тоқтаған еді. Элеватордың жабылуы жергілікті диқандар үшін де, ауыл тұрғындары үшін де қиындық тудырды. Өйткені астықты сақтап, жөнелтетін мүмкіндік шектеліп, жергілікті тұрақты жұмыстарынан айрылған болатын. Кәсіпорынның қайта жандануына шет елдік компанияның инвестициялық жобасы серпін беріп, былтырдан бастап аталмыш нысанның тамырына қайта қан жүгірді. Модернизация барысында ескі жабдықтардың орнына автоматтандырылған жүйелер орнатылып, қабылдау, тазалау және сақтау процестері қайта ұйымдастырылды. Қазір элеватор толық қуатта жұмыс істеп тұр.

СНХ: АЯН НҰРМАШЕВ – ЭЛЕВАТОР ДИРЕКТОРЫ

Қазір элеватор бір мезетте 72 мың тоннаға дейін астық қабылдауға қауқарлы. Бұл ретте зертханашыларға артылар жүк ауыр. Мамандар элеваторға жеткізілген астық көрсеткіштерін мұқият тексеріп, әр партия белгіленген талаптарға сәйкес сараланады. 

Екінші тынысы ашылып, тамырына қайта қан жүгірген нысанның тағы бір артықшылығы – логистикалық мүмкіндігінің кеңеюі. Кәсіпорында астықты автокөлікпен де, теміржол арқылы да қабылдап, қайта жөнелтуге жағдай жасалған

СНХ: АЯН НҰРМАШЕВ – ЭЛЕВАТОР ДИРЕКТОРЫ 

Аталмыш серіктестік тек астық қабылдап сақтаумен ғана емес сондай-ақ өздері де жер өңдеп астық өсіреді. Осы жылы 6,5 мың гектар алқапқа бидай мен арпа егіп қазіргі күні олардың 50 пайызын жинап алыпты. Келер жылғы меже 26 мың гектарды құрамақ.  

Бөлісу

Аймақтық телеарналар