ҚАЗҰӨУ ректоры Петропавлда оқытушылармен кездесті
Петропавлда өңір жастарына жаңа мүмкіндік сыйлайтын маңызды жоба жүзеге асты. Облыс орталығында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің филиалы өз жұмысын бастады. Енді солтүстікқазақстандық жастар өнер саласында кәсіби білім алып, шығармашылық әлеуетін туған жерінде шыңдай алады.
Құләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті — еліміздегі жетекші шығармашылық жоғары оқу орындарының бірі. Мұнда музыка, театр, хореография және өнердің басқа да бағыттары бойынша мамандар даярланады.
СНХР: ҒАЛЫМ АХМЕДЬЯРОВ – КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
Филиалда білім алудың алғашқы мүмкіндігі ретінде 9 білім беру бағдарламасы ұсынылып отыр. Олардың қатарында драмалық театр актері, музыкалық-драмалық театр актері, станоктік кескіндеме, академиялық және эстрадалық вокал, дәстүрлі музыкалық орындаушылық, сондай-ақ ойын киносының режиссурасы бар.
СНХР: МҰРАТ НӨКЕЕВ - КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИЕРСИТЕТІНІҢ ДОМБЫРА ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ
Бұл — қос тарапқа да тиімді әріптестік. Жоба өңір педагогтеріне жаңа мүмкіндіктер ашып, өнер саласындағы мамандықтардың дамуына серпін береді. Алдағы уақытта филиалда этно-фольклорлық ансамбль, жастар театры құрылып, концерттер, көрмелер мен бірлескен шығармашылық жобалар ұйымдастырылмақ.