Негізгі Жаңалықтар Петропавлда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер жауапқа тартылды

Петропавлда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер жауапқа тартылды

Петропавлда полицейлер қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істеуге құқығы жоқ екі шетелдік азаматты анықтады. Шетелдік азаматтар да, оларды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізеді. Негізгі назар — базарлар, дәмханалар, құрылыс нысандары және шетел азаматтары болуы мүмкін басқа да орындарда. 

Қоғамдық тамақтану орындарының бірінде Өзбекстан азаматы ас үйде де, сауда орнында да жұмыс істеген. Оның Қазақстан Республикасында еңбек етуге рұқсаты болмаған. Ал аталған нысанда аспаз болып оның отандасы жұмыс істеген. Ол тек жеке тұлғаға жұмысқа орналасуға құқылы болған. Шетелдік азаматтар да, оларды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

СНХР: Сәбит Жүсіпов — СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы 

Полиция қызметкерлері шетел азаматтары Қазақстан Республикасында болу және еңбек қызметін жүзеге асырудың белгіленген талаптарын сақтауы тиіс екендігін еске салады. Ал жұмыс берушілер шетелдіктерді заңда көзделген негіздер болған жағдайда ғана жұмысқа қабылдауы қажет. 

 


Бөлісу