Сыңғырла, алғашқы қоңырау
Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы №3 орта мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Биыл ауданда 6 мыңнан астам бала мектеп партасына отырса, оның 600-ге жуығы — бірінші сынып оқушылары. Жаңа оқу жылында оқушылардың құқықтық және цифрлық сауаттылығына, жеке қауіпсіздігіне және жасанды интеллект негіздерін меңгеруіне ерекше көңіл бөлінбек.
Алғашқы қоңырау, ақ бантиктер мен гүл шоқтары. Бескөл ауылындағы №3 орта мектеп те жаңа оқу жылын салтанатты түрде қарсы алды. Бүгінде білім беру саласы- мемлекеттің басты басымдықтарының бірі. Өңірде жаңа мектептер салынып, қолданыстағы білім ордалары жаңғыртылуда, сондай-ақ материалдық-техниқалық база нығайтылып келеді. Әсіресе, ауылдық жерлерді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Мерекелік іс-шарада ұстаздар мен оқушыларды Қызылжар ауданының әкімі Бейбіт Исманов құттықтап, білім саласында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.
СНХР: БЕЙБІТ ИСМАНОВ — ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Жаңа оқу жылында білім беру бағдарламасына бірқатар маңызды өзгерістер енгізілмек. Оқушылар қосымша курстар арқылы құқықтық сауаттылығын арттырып, жеке қауіпсіздік негіздерін меңгереді. Сонымен қатар заманауи технологиялар мен жасанды интеллект бағытында білім алмақ.
СНХР: АЛМА НҰРҒАЛИЕВА — ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІ
Білім күнінде тәрбие жұмысына да басымдық берілді. Алғашқы күні барлық сыныптарда Конституция, «Адал азамат», «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» құндылықтарына арналған бірыңғай сынып сағаттары өтті. Айта кетейік, Қызылжар ауданында жалпы саны 39 мектеп бар. Мұнда балалардың сапалы білім алуымен қатар, қосымша үйірмелерге қатысуына да толық жағдай жасалған. Бүгінде ауданда 800-ден астам үйірме жұмыс істейді.