Негізгі Жаңалықтар Москворецкое ауылының мәдени коды

Москворецкое ауылының мәдени коды

Ауыл өмірі тек егін егіп, мал өсірумен шектелмейді. Күнделікті жұмыстан соң тұрғындар шығармашылыққа, өнерге және мәдени іс-шараларға да уақыт бөледі. Тимирязев ауданына қарасты Москворецкое ауылында бірнеше өнер ұжымы жұмыс істейді. Олардың қатарында ансамбльдер мен музыкалық топтар бар.

«Импульс» ансамблі ауылдағы барша мерекелік іс-шараның сәнін келтіреді. Ұжымның негізін қалап, ұзақ жыл жетекшілік еткен ұстаз өмірден озған. Алайда оның аманатын шәкірттері жалғастырып келеді.

ГАЛИНА ГОНЧАРЕНКО - МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ауыл кітапханасы – кітап қоры сақталатын орын ғана емес, тұрғындардың жиналып, рухани тынығатын мәдени орталығы. Кітап оқу тыныштықты талап еткенімен, мұнда түрлі мәдени іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

ЛЮДМИЛА ОГОРОДНИКОВА - КІТАПХАНАШЫ

Москворецкое ауылында түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті, бірлікте ғұмыр кешіп келеді. Мұндағы мәдени орта ауыл тіршілігіне ерекше реңк беріп, күнделікті өмірді мазмұнды әрі қызықты ете түскен.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар