Негізгі Жаңалықтар Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толды

Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толды

Биыл әлемдегі ең үлкен ядролық сынақ алаңы - Семей полигонының жабылғанына 35 жыл толды. Яғни 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Осыған орай Петропавлдағы «Ядролық сынақ құрбандары» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Айтып өтсек, полигон аумағында радиоэкологиялық зерттеулер жүргізіліп, сынақ инфрақұрылымының бір бөлігі жойылды немесе қауіпсіз жағдайға келтірілді.Ұлттық ядролық орталықтың мәліметінше, зерттелген аумақтың жалпы көлемі 18 мың шаршы шақырымнан асады. 

Қазақ даласында қырық жыл бойы жүргізілген жарылыс жұмыстары 1,5 миллионнан астам адамның өмірін жалмады. 18 млн гектар сынақ алаңында 456 рет болған дүмпу мыңдаған жанның жүрегіне жазылмас жара салды. Семей ядролық полигонында әскери борышын өтеген жерлесіміз Қойшыбай Шәниев ол күндерді қайғыра еске алады.

Снхр: ҚОЙШЫБАЙ ШӘНИЕВ – «СҚО СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ» ҚБ МҮШЕСІ  

1991 жылы 29 тамызда Қазақ КСР Президентінің жарлығымен Семей ядролық полигоны ресми түрде жабылды. 2009 жылы БҰҰ Қазақстанның ұсынысымен 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде жариялады. Осылайша, жыл сайын 29 тамыз күні жұртшылық «Ядролық сынақ құрбандары» мемориалына жиналып, құрбандар рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қояды.

Снхр: ҚАЙРОЛА ҚАМЗИНОВ – «СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ СҚО» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Күні бүгінге дейін радиациялық сәулелердің салдарын халық тартып келеді. Полигон жабылғаннан кейін Қазақстан әлемдегі ең ірі ядролық арсеналдардың бірінен өз еркімен бас тартты. Соның нәтижесінде Семей тарихы ядролық сынақтардың зардаптары туралы ғана емес, ядролық қарусыздану жөніндегі халықаралық пікірталастың да бір бөлігіне айналды.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар