Негізгі Жаңалықтар Балалар қауіпсіздігі ерекше бақылауда

Балалар қауіпсіздігі ерекше бақылауда

Жаңа оқу жылы қарсаңында полиция балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп отыр. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 74 мыңнан астам оқушы мектепке барады. Оның 5 мың 945-і алғаш рет мектеп табалдығын аттайды. Оқу жылы бойы тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқарып, мектептерде профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Әсіресе оқу жылының алғашқы күндерінде балалардың қауіпсіздігіне басымдық беріледі. 1 қыркүйекте полиция қызметкерлері мектептерде оқушылармен кездесіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді. Оның мақсаты - балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

ӘЛІБЕК ҒАБДУЛЛИН, СҚО ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ 

Балалардың қауіпсіздігіне ата-аналар да жауапты. Заң бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта, яғни сағат түнгі 11-ден таңғы 06:00-ге дейін ата-анасы немесе заңды өкілінсіз көшеде жүруіне болмайды. Бұл талапты бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

Оның ішінде 2 мың 378 факт — түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген балаларға қатысты. Сонымен қатар жасөспірімдердің алкоголь ішкен 200 жағдайы, ұсақ бұзақылықтың 153 дерегі анықталды. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар