Негізгі Жаңалықтар Шал ақын ауданында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Шал ақын ауданында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Облысымызда ішімдіктен бас тартқан ауыл саны артты. Шал ақын ауданына қарасты Садовка ауылында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Ішімдіксіз ауыл» деп аталатын республикалық акция өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты - елді мекенде салауатты өмір салтын қалыптастырып, қоғамдық қауіпсіздік пен тыныштықты нығайту.

Бұл бастама Мамлют ауданының Бике ауылынан эстафета ретінде қабылданды. Акция аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оған ауыл тұрғындары, ардагерлер мен жастар қатысты. Жиынның салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары Нұрбек Нәбиев сөз сөйлеп, бұл бастаманың өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды.

СНХ: НҰРБЕК НӘБИЕВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Ауылдың берекесі мен ынтымағын сақтауда ел ағаларының орны ерекше. Ақсақалдар бұл бастаманы қос қолдап қолдайды. Олардың айтуынша, ішімдіктен бас тарту - отбасындағы берекені арттырып, өскелең ұрпақтың дұрыс жолды таңдауына жол ашады.

СНХ: МҰРАТЖАН МҰХАМЕДҚАЛИЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Ауылда ішімдіктен бас тарту - қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда да оң нәтиже береді. Тәртіп сақшылары бұл бастама елді мекендегі қауіпсіздікті нығайта түседі деген сенімде. Айта кетейік, соңғы жылдары бұл ауылда мүлде құқықбұзушылық жағдайлары тіркелмеген. 

СНХ: БЕКЗАТ ПЕРДЕЕВ, САДОВКА АУЫЛЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ

Бұл бастама – тек ішімдікке тыйым салу емес, елді мекендегі тыныштықты сақтаудың, отбасылық ынтымақты нығайтудың және қауіпсіз орта қалыптастырудың негізгі тетігі болды.Аудандық әкімдік, полиция және прокуратура өкілдерінің бірлескен бастамасымен ұйымдастырылған бұл игі іс-шара өңірдегі қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар