Негізгі Жаңалықтар Экзотикалық құс өсірумен айналысады

Экзотикалық құс өсірумен айналысады

Тимирязев ауданының тұрғыны Татьяна Ильина экзотикалық құстарды өсірумен айналысады. Бүгінде оның ауласында табиғаттың сан алуан тіршілігін тамашалауға болады. Ал биыл құс бағушының коллекциясы түйеқұстармен толыққан. 

Татьяна ерекше құстарды өсіруді бұрыннан армандаған. Бүгінде бұл арманы орындалып, оның ауласы экзотикалық құстардың мекеніне айналған. Мұнда тауыстар, мысыр тауықтары, қытайдың жібек тауықтары, аңшы қырғауылдары және биыл дүниеге келген кішкентай түйеқұстар бар. Ересек құстың бойы 3 метрге дейін жетуі мүмкін. Қанатты тіршілік иелеріне қамқорлық жасау Татьяна үшін жай ермек емес. Әр құстың өзіне тән ерекшелігі мен күтімі бар. Құс өсірушінің айтуынша, экзотикалық құстар аса талғампаз емес. Дегенмен оларды дұрыс азықтандырып, қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлу қажет. Татьяна үшін бұл әуестік уақыт өте келе үлкен іске айналған

ТАТЬЯНА ИЛЬИНА, МОСКВОРЕЦКОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бөлісу

Аймақтық телеарналар