Негізгі Жаңалықтар Ақжар ауданында мектептер жаңа оқу жылына 100 пайыз дайын

Ақжар ауданында мектептер жаңа оқу жылына 100 пайыз дайын

Ақжар ауданы бойынша жалпы білім беру мекемелерінің саны 46. Олардың 18-і шағын орталық болса, 4-уі балабақша, қалған 24-ті мектеп. Бүгінгі күні олардың барлығы қыркүйектің бірінде басталатын жаңа оқу жылына сақадай-сай. Мектептерде оқитын оқушылар саны 1968 адамды құраса, балабақшалар мен шағын орталықтарда 472 бала тәлім-тәрбие алмақ. 

Ақжар ауданына қарасты Ащыкөл ауылындағы 450 орынға шақталған 11 жылдық мектепте жаңа оқу жылында 38 оқушы тәлім алса, білім ордасындағы шағын орталыққа келетін балалар саны жетеу. Олардың барлығына 20 ұстаз дәріс береді. Штат толық, кадр тапшылығы жоқ. Аталмыш мектептің үздіксіз жұмыс істеп келе жатқанына биыл 36 жыл. Осы аралықта білім ордасы бірталай түлектерді үлкен өмірге қанат қақтырған. Бүгінде кейібірінің бала-шағалары да осы блім беру мекемесінде оқиды.1990 жылы қолданысқа енгізілген мектеп содан бері қырлап-сырлаудың арқасында халық игілігіне жарап күні бүгінге дейін балаларды білім нәрімен сусындатып келеді. 

СНХ: Рақымжан Әлжанов – мектеп директоры 

Аталмыш аудандағы Қулыкөл ауылдық округіне қарасты Қали Хадесұлы атындағы Жаңаауыл орта мектебіде биылғы оқу жылына тас-түйін дайын. Жарты ғасырлық тарихы бар бұл ордада осы жылы 75 оқушы білім алмақ. Олардың толыққанды оқу-тоқуларына барлық жағдай жасалған. Тіпті бастауыш пен төмінгі сынып оқушылары жаз мезгілінде білім ордасы қабырғасында жұмыс істеген этно-легерде болып ұлттық құндылықтар бағытында өз білімдерін шыңдаған. 

СНХ Айман Тәжмиева – мектеп директоры 

Сыныптардың бәрі сырланып - қырланып, ағымдағы жөндеу жұмыстарының барлығы діттеген межеде аяқталыпты. Білім ордасы жаңа оқу жылында өз оқушыларын қабылдауға сақадай сай. Мектеп қысқы жылыту маусымына қажетті отын-көмір мен де 100 пайыз қамтылған.

СНХ: Ерік Шәпиев – Ақжар аудандық білім бөлімінің меңгерушісі 

Ақжар ауданы бойынша жалпы білім беретін мектептер саны 24 болса, оның 23-і отыз мен алпыс оқушы аралығындағы шағын жинақты мектептер. Олардың барлығы жаңа оқу жылында есіктерін айқара ашып, өз шәкірттерін қарсы алуға дайын.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар