Полицейлер көркемөнерпаздар байқауына қатысты
Бескөл ауылында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті қызметкерлері арасында «Заң мен Тәртіп» көркемөнерпаздар байқауы өтті. Іс-шараға 50-ден астам тәртіп сақшысы қатысты. Байқауға қатысушылар домбыра, гитараның сүйемелдеуімен патриоттық әндер орынды.
Көркемөнерпаздар байқауына қатысушылар алдымен Халық Қаһарманы Ғазизa Байтасовтың портретіне гүл шоқтарын қойып, қазақстандық полиция қаһарманын бір минут үнсіздікпен еске алды. Байқауға полицияның түрлі бөлімшелерінен 50-ден астам қызметкер қатысты. Қатысушыларға СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин сәттілік тіледі.
Абылғазы Ғабдуллин — СҚО ПД бастығының орынбасары
Сахнада «Туған жер», «Атамекен», «Елім менің» сынды патриоттық әндерден бастап, «Синяя вечность», «День Победы», «Офицеры» сияқты танымал шығармаларға дейін әртүрлі әндер шырқалды. Қатысушылар домбыра мен гитарада ойнап, жанды сүйемелдеумен өнер көрсетті.
Полиция қызметі тәртіпті, сабырлылықты және кез келген жағдайда әрекет етуге дайын болуды талап етеді. Алайда бұл қызметте талантты, музыкаға деген сүйіспеншілігі бар адамдар да бар. Осындай іс-шаралар қызметкерлердің жаңа қырларын ашып, сахнада да, күнделікті қызметте де маңызды командалық рухты нығайтады.