Қазақстанда бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталығының пилоттық жобасы іске қосылады
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Даму» қоры Бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталығының пилоттық жобасын іске қосады. Ол Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс істейтін болады. Орталық бірден бірнеше ведомствоның қатысуын талап ететін мәселелерге тап болған шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған.
Мамандар жағдайға сараптама жасап, оны шешу тәртібін анықтайды, кәсіпкердің мемлекеттік органдармен және қаржы институттарымызбен өзара іс-қимылын үйлестіреді және мәселе толық шешілгенге дейін сүйемелдейді. Осылайша, кәсіпкерлерге әр түрлі ведомстволарға жеке-жеке жүгінудің қажеті жоқ қажетті мамандар мен ұйымдар бірыңғай сүйемелдеу аясында қосылатын болады. Пилоттық жоба 2026 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында өтеді. Нәтижелері бағаланғаннан кейін «Даму» қоры бұл тетіктерді Қазақстанның басқа өңірлеріне де тарату бойынша ұсыныстар әзірлеуді жоспарлап отыр.