Негізгі Жаңалықтар СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов жұмыс сапарымен Есіл ауданына барды

СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов жұмыс сапарымен Есіл ауданына барды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов жұмыс сапарымен Есіл ауданына барды. Сапар барысында ол алдымен Явленка ауылындағы «Егін» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Кәсіпорында астықты өңдеу, ұн және макарон өнімдерін өндіру бағытындағы жұмыстардың барысы таныстырылды. Одан кейін Марат Иманбайұлы Николаевка ауылындағы егін жинау науқанының барысын көрді.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов алдымен «Егін» ЖШС өнімдері сатылатын дүкенге кіріп, ондағы макарон, ұн және кебек өнімдерінің бағасымен танысты. Өнімдер аудан тұрғындарына қолжетімді бағамен ұсынылады: макаронның келісі – 260 теңге, ұн – 170, кебек – 47 теңге.

Аталмыш серіктестік 2022 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істейді. Шаруашылықтың негізгі бағыты – егін және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу. Жалпы жер көлемі 9,5 мың гектарды құрайды. Шаруашылықта 17 трактор мен 16 комбайн бар. Кәсіпорын құрамындағы диірмен-макарон кешенінде 12 түрлі макарон өнімі, ұн және кебек өндіріледі. Биылғы жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында кәсіпорында 2 182 тонна ұн, 473 тонна макарон өнімі және 643 тонна кебек өндірілді.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Кейін Марат Тасмағанбетов Николаевка ауылындағы «Рустикус» ЖШС-ның егістік алқабына барып, егін жинау науқанының барысымен танысты. Шаруашылықта орақ науқаны 2 тамызда басталған. Биыл мұнда 3,5 мың гектардан астам жерге түрлі дақылдар егілген.

Егіс алқабында бидай, арпа, жасымық және зығыр жиналуда. Науқанға бірнеше заманауи астық жинайтын комбайн жұмылдырылған.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар