«Tomorrow School» мектебінің алғашқы оқу кезеңі басталды
Петропавлда «Tomorrow School» мектебінің алғашқы оқу кезеңі өз жұмысын бастады. Бұл бағдарламалау мен жасанды интеллектті тегін үйрететін Қазақстандағы алғашқы IT-мектеп. Жоба Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында цифрлық экономикаға қажетті жаңа буын мамандарын даярлау мақсатында іске қосылды.
Аталмыш мектепте білім алуға 180-нен астам адам өтінім берген, алайда алғашқы іріктеу кезеңінен 60 қатысушы өтеді. Оқу бағдарламасы ең сұранысқа ие салаларды қамтиды. Олар жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, блокчейн технологиялары және цифрлық өнімдерді әзірлеу.
МАКСИМ ПАНАРИН, «TOMORROW SCHOOL» МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Оқу процесінде қатысушылар шынайы кейстермен жұмыс істейді. Бұл еңбек нарығына шыққанға дейін практикалық тәжірибе жинақтап, кәсіби ортаға бейімделуге мүмкіндік береді.
ЯСМИНА ЮЛДАШЕВА, СТУДЕНТ
Мұғалімсіз оқытатын бұл бірегей IT-мектеп бүкіл ел бойынша ауқымын кеңейтіп келеді. Петропавл қаласында бұл жоба Цифрландыру басқармасымен және «Qyzylzhar IT-hub» орталығымен бірлесе жүзеге асырылуда.