Негізгі Жаңалықтар Әскери қызметке арналған ғұмыр

Әскери қызметке арналған ғұмыр

 №6637 әскери бөлімінде ұзақ жылдар бойы Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған әскери қызметшілерді құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Әскери саптан зейнетке аттанған қызметшілерге құрмет көрсетіліп, олардың отбасылары мен әріптестері ақжолтай тілектерін жеткізді. Бұл — әскери бөлімде жыл сайын жалғасын табатын дәстүр. Қызмет барысында түрлі лауазымда еңбек етіп, талай сыннан сүрінбей өткен әскери қызметшілерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталады.

Салтанатты шараға 100-ден астам әскери қызметші, сарбаз және олардың отбасы мүшелері қатысты. Кеш барысында ардагерлердің әскери бөлімге алғаш келген кезіндегі фотосуреттері мен бейнематериалдары көрсетіледі. Әскери қызмет бір орында тұрып қалмайтын, үнемі ізденіс пен жауапкершілікті талап ететін сала. Бүгінгі шара олардың ұзақ жылғы еңбегіне көрсетілген құрмет.

СНХР: БАҚЫТ СӘДУӘҚАСОВ, ҚР ҰҰ 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ

Қазіргі таңда 6637 әскери бөлімде 400-ге жуық әскери қызметші еңбек етеді. Бұдан бөлек, 300-ге жуық сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Әскери бөлімнің негізгі міндеті — Петропавл қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандарды қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру. Бүгінде еңбек жолынның аяқталуына байланысты жергілікті бөлімде 20 жыл тәжірибесімен тер төккен әскери маманының бірі – Әлижан Балтабаев

СНХ: ӘЛИЖАН БАЛТАБАЕВ, , ҚР ҰҰ 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ АҒА МАМАНЫ

Бүгін құрметті демалысқа шыққандар үшін әскери қызметтегі ұзақ жылдар артта қалды. Еңбек етсең ерінбей, зейнетке шыққанда еленіп, елдің алғысын алғанның өзі — үлкен мәртебе. Алайда олардың жинаған тәжірибесі мен елге сіңірген еңбегі кейінгі буынға жол көрсететін темірқазық болып қала бермек.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар