Еңбекке баулу арқылы қайта әлеуметтендіру. Петропавлдағы №50 мекемеде ашылған жаңа өндірістік цехтың басты мақсаты – сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамтып, кәсіби біліктілігін арттыру. «SMB Group Family» ЖШС жүзеге асырған өндіріс орнында полипропилен қаптамалары шығарылады.
Алты айға созылған құрылыс жұмыстарының нәтижесінде Петропавлдағы №50 мекеме аумағында Қазақстанда теңдесі жоқ жаңа өндірістік ангар пайдалануға берілді. Аумағы 1200 шаршы метрді құрайтын заманауи тігін цехы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері арасында баламасы жоқ өндіріс орны саналады. Мұнда сотталғандар сұранысқа ие мамандықты меңгеріп, ресми түрде еңбек етіп, бостандыққа шыққаннан кейін де қажет болатын тәжірибе жинақтай алады.
СНХР: ТАТЬЯНА ТУЛЕГЕНОВА, СҚО БОЙЫНША ҚАЖД СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТОБЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Мұндай өндірістік жобалардың жүзеге асуына мемлекеттік қолдау үлкен серпін береді. Соның бірі – кәсіпкерлерге қолдау көрсететін «Даму» қоры. Қор жаңа өндірістерді іске қосуға, кәсіпорындардың қуаттылығын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етіп келеді.
СНХР: ЖАНАР ТАЙПАКОВА, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АҚ СҚОФ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ІЛГЕРІЛЕТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕР
4 жылға бас бостандығынан айырылған Айбаршын Хамзинаның айтуынша, ол өндіріс цехында күніне шамамен 70 полипропилен қап дайындайды. Жаза мерзімінің аяқталуына жеті ай қалған. Оның сөзінше, қазіргі жұмысы өзіне ұнайды. Ең бастысы – бостандыққа шыққаннан кейін осы кәсіпорында бірден жұмыспен қамтылатынына қуанышты.
СНХР: АЙБАРШЫН ХАМЗИНА, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ
Жаңа өндіріс цехының ашылуына орай қонақтарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өндірілген өнімдер таныстырылды. Көрмеге түзеу мекемелерінің аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлер қатысты. Олардың қатарында Айыртау ауданындағы №51 мекемеде өндірісін дамытып отырған жеке кәсіпкер Наталья Гурьянова да бар.
СНХР: НАТАЛЬЯ ГУРЬЯНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
Қазіргі таңда №50 әйелдер колониясында сегіз өндіріс жұмыс істеп тұр. Мұнда сегіз кәсіпкер өндірістік қызметін жүзеге асыруда. Негізгі бағыт – тігін өндірісі. Биыл тұрмыстық сабын өндіретін жаңа цех та іске қосылды. Жалпы бүгінде әйелдер колониясында 200-ден астам сотталған жазасын өтеуде. Олардың басым бөлігі еңбекпен қамтылып, кәсіби дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алып отыр.