Қаржылық пирамидалар әлі де ең көп таралған алаяқтық схемалардың бірі болып отыр. Оларды ұйымдастырушылар жоғары әрі жылдам табысқа уәде береді. Алайда қатысушыларға төленетін қаражат жаңа салымшылардың ақшасы есебінен жүзеге асырылады.

Жаңа қаражаттың келуі тоқтаған сәтте мұндай схема күйрейді. Мамандар қаржылық пирамиданың негізгі белгілеріне назар аударуға кеңес береді. Олар – кепілдендірілген жоғары табысқа уәде беру, жаңа қатысушыларды міндетті түрде тарту талабы, қаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясының болмауы және қаражатты жеке тұлғалардың есепшоттарына аударуды сұрау. Инвестиция салмас бұрын компания туралы ақпаратты мұқият тексерген жөн. Адал емес қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми сайттарында жарияланған.