Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер алаяқтық әрекеттің жолын кесіп, Петропавл қаласының 78 жастағы тұрғынына барлық жинаған қаражатын қайтарып берді.
Зейнеткерге өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар телефон соққан. Олар әйелді басқа мемлекетке ақша аударғаны үшін оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанына сендірген. Қатты абыржыған зейнеткер ешқандай ақша аудармағанын айтып ақталған кезде, депозитінде 2 миллион теңге жинағы бар екенін байқамай айтып қойған. Осыдан кейін алаяқтар ақшаны шұғыл шешіп алып, оны тергеу мүддесі үшін беру қажет екенін айтқан.
СНХР: ГАЛИНА ЛЮБОВИЦКАЯ— ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Қаскөйлердің нұсқауын орындап, олармен телефон арқылы үнемі байланыста болған әйел банктен ақшасын шешіп алған. Кейін оған қолма-қол ақшаны түрлі заттармен бірге қорапқа салып, оны такси жүргізушісі арқылы жіберу тапсырылған. Зейнеткер жүргізушіге бұл қорапты Астанадағы әпкесіне арналған сыйлық екенін айтуы тиіс болған.
СНХР: ГАЛИНА ЛЮБОВИЦКАЯ — ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Бақытымызға қарай, такси салонында болған жолаушы күмәнді жағдайды байқап, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына келген полицейлер алаяқтық белгілерін анықтап, жедел іс-шараларды бастаған.
СНХР: ӘЛНҰР АХМЕДЬЯРОВ — СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ (
Полицейлер ескертеді: егер телефон арқылы белгісіз адамдар сізге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын, «қауіпсіз шотқа» ақша аудару қажеттігін, қаражатты шешіп алу немесе қандай да бір қаржылық операция жасау керектігін айтса — бұл алаяқтар. Әңгімесін дереу тоқтатып, болған жағдай туралы «102» арнасына хабарлаңыз.