Жұмыс табу, кеңес алу және мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратқа қол жеткізу. Петропавл тұрғындарына мұндай мүмкіндік қоғамдық көлікте жол жүрген кезде ұсынылды. Қалада Қоғамдық даму және ақпарат орталығы ұйымдастырған «Tulga Bol» көшпелі акциясы өтті. Мамандар жастарға, оның ішінде NEET санатындағы азаматтарға, сұранысқа ие бос жұмыс орындары, жұмыспен қамту бағдарламалары және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Бұл жолы дәстүрлі бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің орнына қалалық автобус таңдалды. Жол бойы мамандар жолаушыларға кеңес беріп, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайында түсіндірді, электронды жұмыс іздеу сервистерін пайдалануға көмектесті және ақпараттық жадынамалар таратты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат дәстүрлі жәрмеңкелерге келе бермейтін азаматтарды қамтуға мүмкіндік береді. Акцияға жүзге жуық адам қатысты. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 59 көшпелі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде жұмыссыз азаматтардан 500-ден астам өтініш қабылданып, 200-ден астам адам жұмысқа орналасты. Сонымен қатар өңір тұрғындарына үш мыңнан астам ақпараттық парақшалар таратылды.
СНХР: ГҮЛБАҚЫТ БАЙБОСЫНОВА, СҚО ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ