Тазалық пен қуаныш қатар өрілді. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын жүзеге асыру аясында Петропавл қаласында «Эко-плоггинг: жүгір және тазала» спорттық-экологиялық акциясы өтті. Шараға қатысушылар тапқырлық пен зеректік танытып, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. 

Мектеп оқушылары мен колледж студенттерінен құралған қатысушылар үш командаға бірікті. Олар белгіленген бағыт бойынша жүгіріп, физикалық белсенділікті тұрмыстық қоқыс жинаумен ұштастырды. Сонымен қатар, экологиялық бағыттағы бірқатар тақырыптық тапсырмаларды орындады.

СНХ:ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Әр бекетте жастар экологиялық ойлау қабілетін, шығармашылық әлеуетін және командалық жұмыс дағдыларын паш етті. Конкурстық аялдамалардың бірін Экология департаменті ұйымдастырды. Әрбір орындалған тапсырма үшін қатысушыларға ұпайлар беріліп отырды.

СНХ: ИГОРЬ ГАХ – СҚО БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Бұл іс-шара жастар арасында белсенді азаматтық позицияны қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ықпал етеді. Акция қорытындысы бойынша командалар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.