Солтүстік Қазақстан облысы «Creative Aimaq» республикалық жобасының «Ботай - Ұлы дала мәдениеті» креативті жәрмеңкесіне қатысып, өзінің туристік, мәдени және инновациялық әлеуетін таныстырды. Ауқымды іс-шара Астана қаласында өтті. Облыс көрмесімен Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов арнайы танысты.
Жәрмеңкені Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов арнайы аралап, әрбір туындымен жеке танысты. Шеберлер мен креаторлармен еркін тілдескен министр осы бағыттағы жұмыстарды бұдан әрі де жандандырып, шығармашылық индустрияны өркендетудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Айта кетейік, бұл іс-шараның басты ерекшелігі - ұсынылған әрбір туынды мен инновациялық әзірлемеге ұлы Ботай мәдениетінің арқау болуында.
СНХ: НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, “QYZYLZHAR” КРЕАТИВ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Экспозиция төрінен жергілікті брендтер мен халық шеберлерінің төл туындылары орын алды. Сонымен қатар, жәрмеңкеде цифрлық индустрияның өзекті бағыттары: жасанды интеллект, робототехника, GameDev, 3D-модельдеу секілді бағытттар және дрондар саласындағы заманауи инновациялық әзірлемелер көпшілік назарына паш етіллді.
СНХ: ЕРНАР ҚАЗБЕКОВ, ҚАТЫСУШЫ
Бұл жәрмеңке өңір әлеуетін көрсетіп, отандық өнімдерге деген жоғары сұранысты дәлелдеді. Бүгінде креативті индустрия - СҚО экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналып келеді. Сала жергілікті кәсіпкерлерді ілгерілетуге, өңір брендін қалыптастыруға және талантты жастардың жаңа жобаларын қолдауға кең жол ашады.
СНХ:ЛЮДМИЛА МИЛЮТИНА, ҚАТЫСУШЫ
Келушілер солтүстікқазақстандық шеберлер мен креаторлардың туындыларына ерекше ықылас танытты. Бұл таңғаларлық жәйт емес - өйткені мұндағы әрбір бұйымның әрбір бөлшегі жүрек жылуы мен қолдан жасалған.
СНХ: КҮЛЗИРА МҰХАМЕТЖАНОВА, ҚАТЫСУШЫ
Адамзат баласы жылқыны тұңғыш рет қолға үйреткен қасиетті Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстан жерінен бастау алады. Бүгінде бұл теңдессіз тарихи мұра тек өткен күннің белгісі емес, өңірдегі креативті экономиканы, озық технологиялар мен инновациялық жобаларды өркендетудің басты қозғаушы күшіне айналып отыр.
Көрме шырайын одан әрі аша түскен келесі кезекте көпшілік назарына жергілікті киім дизайнері Айжан Колчинаның «Аққайың» атты бірегей сән топтамасы ұсынылды.
СНХ: АЙЖАН КОЛЧИНА, КИІМ ДИЗАЙНЕРІ
«Ботай – ұлы дала мәдениеті» атты креативті жәрмеңке келушілерді 2 күн бойы қабылдады. Көрме қорытындысы бойынша қатысушылар жалпы құны 4,9 миллион теңгеден астам қаржыға өз туындыларын саудалады.