Облыс орталығында өтіп жатқан дүбірлі «QYZYLJAR MUSIC FEST» фестивалі аясында кезекті концерттік бағдарлама көрерменге жол тартты. Бұл жолғы шығармашылық кеште сахна төрінен заманауи эстрадалық әндер шырқалып, жиналған қауымды ерекше әуен ырғағымен тербетті. Келушілер сүйікті әндерін бірге шырқап, жанды музыканың ырғағын сезінді. 

Осымен бесінші рет жалауы желбіреген халықаралық QYZYLJAR MUSIC FEST жобасы Петропавл тұрғындары мен қонақтарын тағы да қуантуда. Қала күні мерекесіне тарту ретінде өтетін бұл шараның ерекшелігі - әр күн белгілі бір музыкалық бағытқа орайластырылады. Дәл осы ерекшелігінің арқасында фестиваль сан түрлі талғамдағы өнерсүйер қауымның басын біріктіріп отыр.

СНХ: ТИМУР АЙТҚОЖИН, КЕШ ЖҮРГІЗУШІСІ

Фестивальде өңір тұрғындарына жақсы таныс Махамбетәлі Әбілдә да өнер көрсетті. Ол көпшілікке өзінің екі жеке әнін ұсынып, Майкл Джексонның танымал туындысын орындап шықты.

СНХ: МАХАМБЕТӘЛІ ӘБІЛДӘ, ӘНШІ

Қаланың бас алаңы күн сайын кешке жергілікті тұрғындар мен қонақтар асыға жиналатын ең сүйікті мекенге айналды. Ыстық жаздың әрбір кешінде халық осы жерге ағылып, әуезді де тамаша әндерді тыңдап, күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт сергіп қалуды әдетке айналдырған. Мұндағы әуезді атмосфера әрбір жанға ерекше шабыт сыйлап, жазғы кештің қызықты әрі демалысқа толы өтуіне септігін тигізуде.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарламалар алдағы күндері де кешкі сағат 19:00-ден түнгі 23:00-ге дейін ұсынылып отырмақ.