Қазақстандықтар алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындалуда. Құрылтай – заң шығару билігін жүзеге асыратын еліміздің жоғары өкілді органы.

Облыстық мәслихат депутаттарының айтуынша, сайлау ашық, әділ және заң талаптарына толық сәйкес өтуі тиіс. Осы қағидаттар сақталған жағдайда ғана азаматтардың сайлау үдерісі мен оның нәтижесіне деген сенімін нығайтуға болады. Алдағы сайлау елдің одан әрі дамуы, демократиялық институттарды нығайту және басты құндылығы адам, оның құқықтары мен әл-ауқаты саналатын Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды кезең болмақ.

СӘУЛЕ СҰРАҒАНОВА – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ