Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында өз алаңында өнер көрсеткен петропавлдық «Қызылжар» жеңіліске ұшырады. Команда семейлік «Елімайға» 0:1 есебімен есе жіберді. Ал матч аяқталғаннан кейін клуб жаңа бас бапкердің тағайындалғанын хабарлады.
«Қарасай» орталық стадионында өткен кездесуде ұзақ уақыт бойы есеп ашылған жоқ. Матч тағдыры 70-минутта шешілді. /Хрвое Иличтің нәтижелі пасынан кейін Қазақстан құрамасының шабуылшысы Роман Мұртазаев мергендігімен көзге түсіп, «Елімайға» жеңіс сыйлады – 1:0
Бұл ойын «Қызылжар» үшін бас бапкер Милич Чурчич қызметінен кеткеннен кейінгі алғашқы матч болды. Команданы уақытша Николай Стоякин жаттықтырды. 16 турдың қорытындысы бойынша петропавлдық клуб 15 ұпаймен турнир кестесінің 12-орнында тұр. Матчтан кейін клуб басшылығы команданың жаңа бас бапкері болып беларусьтік маман Виталий Жуковскийдің тағайындалғанын жариялады. Ол бұған дейін «Атырауды» жаттықтырып, команданы Қазақстан Кубогының финалына дейін жеткізген. Жаңа бапкермен бірге жаңартылған жаттықтырушылар штабы да жұмысқа кірісті. Жергілікті «Қызылжар» өз алаңында келесі жолы Қостанайдың «Тобыл» командасын қабылдады. Бұл Виталий Жуковский жетекшілік ететін алғашқы ойын болмақ.