Тұрмыстық зорлық-зомбылық әлі де қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Көп жағдайда жәбірленушілер бірден көмек сұрауға батылы бармайды. Сондықтан қолдаудың қолжетімді әрі дер кезінде көрсетілуі аса маңызды. Петропавлда бір жылға жуық уақыттан бері Отбасын қолдау орталығы жұмыс істеп келеді. Полиция қызметкерлері арнайы бағдарлама арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар туралы ақпаратты осы орталыққа жолдайды. Мамандар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге ерекше көңіл бөледі. Көмекке жұмыс күндері тікелей жүгінуге, сондай-ақ 35-00-15 нөмірі бойынша колл-орталық арқылы хабарласуға болады.

СНХР: МҰРАТ ҚУАНДЫҚОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ