Жыл сайынғы халықаралық QYZYLJAR MUSIC FEST фестивалі аясында облыс орталығында заманауи хореография кеші өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен, сондай ақ шет елдерден келген бишілер көрерменге әсерлі койылымдар, ерекше атмосфера жене жаркын эмоциялар сыйлады.
Кештің басты хедлайнері – (Ф050) Руфина Карева болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол – Қазақстанның би индустриясындағы жаңа буынның жарқын өкілі, еліміздің намысын ең ірі халықаралық чемпионаттарда қорғап жүрген талантты биші.
СНХР: ЕСМҰХАМБЕТ ИМАМБАЕВ - ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ, “СТАНЦЫЯ” БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Сайыс алаңында Көкшетау, Омбы, Мәскеу, Қарағанды, Астана қалаларынан және, Петропавлдық қатысушылар бақ сынады. Солардың қатарында Астанадан келген дуо (Ф031 // 0:05) афро және фристайл бағыттары бойынша өнер көрсетті.
СНХР: ЛӘЗЗАТ ДЮСУПОВА, АНГЕЛИНА ПАВЛЕНКО - ҚАТЫСУШЫЛАР
Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл – Петропавлдың би мәдениеті үшін өте маңызды күн. Себебі қаламыз хореография саласындағы жетістіктерімен танымал. Біздің өңірден шыққан көптеген бишілер мен шығармашылық ұжымдар ел ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де жеңіске жетіп жүр.
QYZYLJAR MUSIC FEST аясындағы заманауи хореография кеші би мәдениетін дамытуға тың серпін бергені анық. Әртүрлі қалалар мен елден келген таланттардың басын қосқан фестиваль шығармашылық тәжірибе алмасуға, жаңа есімдерді танытуға және жас бишілердің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік жасады. Ұйымдастырушылар мұндай халықаралық жобалар алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасатынын айтады.