Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қоғамдық-саяси институттарды одан әрі дамытуды заң жүзінде бекітті. Сол бағыттардың бірі – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту. Сондай-ақ ел дамуының маңызды мәселелерін талқылауға қатысушы азаматтардың санын арттыруға бағытталған Құрылтай қызметін жетілдіру.
Негізгі өзгерістердің бірі – Құрылтайды қалыптастырудың жаңа тәртібі. Бұл саяси партиялардың қоғамдық өмірдегі рөлін күшейтіп, түрлі көзқарастардың ескерілуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, демократиялық институттарды дамыту мен қоғамдық диалогты нығайтудың қосымша тетігіне айналмақ.
СНХР: ЕВГЕНИЙ КИНЦЕЛЬ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ