Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуі – еліміздегі саяси жаңғырудың маңызды кезеңі. Жаңартылған Ата заң азаматтардың мемлекеттік шешімдерді қабылдауға қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, олардың рөлін күшейтеді. Өйткені Қазақстанның жаңа Конституциясы – халықтың таңдауы.

Жаңа Конституцияда қазақстандықтардың үміт-тілектерімен қатар, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар көрініс тапқан. Солтүстікқазақстандықтар Мемлекет басшысының бағытын қолдап, ел бірлігі, тұрақтылық және қоғамдық келісім Қазақстанның одан әрі дамуының басты негізі деп санайды.

СНХР: ЛӘЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА – №17 ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ